«Қызыл» аймақта екі қала, үш облыс тұр

«Қызыл» аймақта екі қала, үш облыс тұр
Inform.kz

Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлерінің статусы қандай?

2021 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймаққа Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары енген.