Қытайды аралап жүрген 12 піл мен олардың төлдері шаршап ұйқыға кетті

Қытайды аралап жүрген 12 піл мен олардың төлдері шаршап ұйқыға кетті
Сурет:https:Bbc.com

Соңғы күндері бүкіл Қытай және әлемдік баспасөздің назарын аударған саяхаттаушы пілдер қазіргі таңда орманда ұйықтап жатыр. Оны бақылау дрондар арқылы жүргізілуде.

15 жабайы піл және үш пілдің төлі 15 ай бұрын Қытайдың оңтүстік-батысындағы туған жерлерінен белгісіз бағытқа жолға шыққан болатын. Содан бері шағын елді мекендер, тіпті үлкен қалалар арқылы 500 шақырымға жуық жолды жүріп өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Bbc.com cайтына сілтемелеп.

Сейсенбіде қатты жаңбыр жауып, пілдер орманда ұйқыға жатты.

Қытайлық CGTN телеарнасының хабарлауынша, пілдер саяхаттап жүрген Юннан провинциясының билігі арнайы бөлген 14 дрон мен табынды бақылайтын 500-ге жуық адам  елді мекендердегі жолдарды жауып, жануарларды оңтүстік-батысқа, үйге қарай бағыттауға тырысуда.

Соңғы уақытқа дейін бұл әрекеттер сәтсіз аяқталды. Бірақ қазір табын үйге қарай бұрылған сияқты, бүгінде олар Лаос пен Мьянма шекарасындағы Сишуанбанна аймағындағы Мэньянцзы қорығында жүр.

Юннан орман өрт сөндіру бригадасының бақылауларына сәйкес, пілдердің бірі табыннан бөлініп, қазір одан төрт шақырым қашықтықта жүр.

Өзінің рекордтық жорығы кезінде табын миллиондаған юаньға егін жеп, таптап, бірнеше ғимараттарға зақым келтіріп, көптеген жергілікті тұрғындарды үрейлендіріп, есіктер мен терезелерге мұрындарын сұғып, елді шошытты.

Пілдер тіпті алты миллион халқы бар Куньмин қаласына жол тартты.

Ышан елді мекенінен пілдер алты миллионыншы Куньминге апаратын негізгі тас жолмен өтті.

Азиялық (Үнді) пілдер табынының әдеттегі тіршілік ету ортасынан алыс қашықтыққа кету себебі түсініксіз болып қалады.

Жабайы азиялық (Үнді) пілдер Қызыл кітапқа енгізілген. Қытайда олардың саны үш жүзге жуық, олардың көпшілігі Юннан провинциясында.

Ғалымдардың айтуынша, Юннан пілдері мекендейтін жерлерінен мұншалықты алыс кетпеген.