Қытайда онлайн сауда бойынша рекорд тіркелді 

Қытайда онлайн сауда бойынша рекорд тіркелді 
24 kz

Қытайда он бірінші айдың он бірінші күні отау құрмаған адамдарға сыйлық тарту дәстүрі бар, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бойдақтар күніне орай көптеген компаниялар өз тауарларына жеңілдіктер беретіндіктен, халықтың көбі мүмкіндікті пайдаланады. Ол АҚШ-тағы «Қара жұма» деген үлкен жеңілдіктер күніне ұқсап кеткен. Биылғы бойдақтар күнінде Қытайда жаңа рекорд тіркелді.

Тек «Таобао» электронды платформасында биыл сауда көлемі 8,5 процентке артқан. Ал жалпы халық бұл күні 84 жарым миллиард долларға тауар сатып алған екен. Коронавирус індеті де сауданың өсуіне әсер еткен сыңайлы. Өйткені адамдардың көбі әдетін өзгертіп, қажетті заттарын онлайн сатып алатын болған.