Қытай елінде қаңғырып кеткен пілдер қорыққа оралуда

Қытай елінде қаңғырып кеткен пілдер қорыққа оралуда
Сурет: Тourister.ru

Пілдер оралуда.

Аспан асты елінде қашып кетіп, 17 ай қаңғырған пілдер тұрақты мекені қорыққа қайтып келе жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Пілдердің қайта оралуы үшін Үкімет жолдарына жем мен бөгеттер қойып, қолайлы жағдай тудырып отыр. Алып жануарлар қорық аумағынан қашып шыққан сәттен бастап 500-ден астам шақырымды жүріп тастаған. Жай жүрмей, олар ауыл шаруашылық алқаптарын таптап, шаруаларға біраз шығын келтірген. Нақ осындай 400 келеңсіз оқиға тіркелді.