Қыс мезгілінде ағзаға қажет 5 дәрумен

Қыс мезгілінде ағзаға қажет 5 дәрумен
Сурет: Tion.ru

Қыста үнемі шаршап жүрмес үшін және ауруға төтеп беретін дәрумендер ағзаға аса қажет

Витамин C – қыста адам ағзасында тапшы болады, сондықтан үнемі суық тиіп жатады. Ағзада С витамині жеткілікті болу үшін апельсин, қызанақ, болгар бұрышын жеу керек. Ашытылған қырыққабатта да С дәрумені өте көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

В тобындағы витаминдер – егер олар жеткіліксіз болса, онда сіздің ерніңіз жарылып, тырнақтарыңыз бен шаштарыңыз сынғыш болады. Сондай-ақ бұл топтың дәрумендері жетіспесе, сіз жиі ашуға бой алдырасыз. Бұған жол бермеу үшін күрішті, жұмыртқаны, сүт өнімдерін, жаңғақтарды, қарақұмық пен қызылшаны жеу керек.

Е дәрумені – ол жасушаларды оттегімен қамтамасыз етеді, жоғары психикалық стресті жеңуге көмектеседі, сондай-ақ денені жүйке бұзылуынан және стрестен қорғайды. Бұл сізге міндетті түрде керек. Е витаминін жеткілікті алу үшін қырыққабат, шпинат, майсыз ет, өсімдік майы мен жұмыртқаны көбірек пайдаланған жөн.

D витамині – ол күннің болмауына байланысты жетіспейді. Жазға дейін қалыпты өмір сүру үшін бұл дәруменді сүт өнімдерінен, балық майынан және уылдырықты көп жеу арқылы сіңіру керекпіз.

А дәрумені –ол өте пайдалы, өйткені көру қабілетіне жауап береді, шаш пен тырнақтың күйін жақсартады, сонымен қатар иммундық жүйені нығайтады. Ол сүтте, балықта, сәбізде, ақжелкенде, өрікте және жұмыртқада көп кездеседі.