Қырғызстанның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Қырғызстанның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды
Сурет: Nazarnews.org

Қырғыз елінің еліміздегі жаңа елшісі тағайындалды.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Дюшекеев Дастан Станбекович Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың қазан-қараша айларында дипломат Премьер-Министр Жапаровтың баспасөз хатшысы болды, қарашада Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған болатын.