Қырғызстандық автокөліктерді ұрлауға машықтанған алматылық ұсталды

Қырғызстандық автокөліктерді ұрлауға машықтанған алматылық ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Ұсталған азамат тек қана Қырғызстанда тіркелген Honda Odyssey көлікті ұрлауға маманданған


Күдіктіні әшкерелеу және ұстау іс-шарасын Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің және криминалдық полицияның қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті анықталып, тұрғылықты жері Алматы облысы, Қарасай ауданында ұсталды. Анықталғандай, бұрын тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы К.есімді азамат, түнгі уақытта құлыпты ашатын және қозғалтқышты іске қосуға арналған арнайы техниканың көмегімен Honda Odyssey автокөліктерін ұрлаған», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев күдіктінің ұрланған көліктерді сатумен айналысқанын атап өтті. Күдікті соңғы рет ұрлаған көлігінен құтылып үлгермеді. Көлік табылды және тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Тергеу кезеңінде ұрлықшының өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды.