Қырғызстанда нөсер жаңбырдан кейін сел жүрді

Қырғызстанда нөсер жаңбырдан кейін сел жүрді
Сурет: Kabar.kg

50-ден астам үй су астында қалды.

Қырғызстанның Ыстықкөлінде нөсер жаңбырдан кейін сел жүрді, нәтижесінде ішкі жолдар мен арықтар құм мен қиыршық тасқа толып, тұрғын үйлерді су басқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kabar.kg cілтеме жасап.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеев бастаған бір топ мамандар жүр. 

Мамандардың хабарлауынша, бүгін, 30 шілде, сағат 04:30 шамасында Балықшы қаласы мен Кескен-Бел асуында, Тон ауданының Қара-Шаар және Оттук ауылдарында нөсер жаңбыр жауған. Ішкі жолдар мен арықтар құм мен қиыршық тасқа толып, тұрғын үйлерді су басқан.

Су басқан жерлерде 100-ге жуық жергілікті тұрғын және азаматтық қорғаныс қызметінің 30 қызметкері жұмыс істеуде.