Қырғыз елінде қазақ киносының күндері басталды

Қырғыз елінде қазақ киносының күндері басталды
Сурет: Gov.kz

Еліміздің белгілі кинотуындылары қырғыз елінде көпшілік назарына ұсынылады

Бішкекте Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Мәдениет күндері аясында қазақ киносының күндері басталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев және екі мемлекеттің киногерлері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтоты Райымқұлова Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастардың тамыры тереңде екенін, тәуелсіздік алған жылдары жаңаша қарқынмен дамып келе жатқанын, халықтар арасындағы дәстүрлі бауырластық байланыстар барлық бағытта дәйекті түрде даму үстінде екенін айтты.

Айта кетейік, «Манас» кионотеатрында басталған қазақ киносының күндері 9 қазанға дейін жалғасады. Көрермендер назарына Рүстем Әбдірашевтің «Алмас қылыш», Ақан Сатаевтың «Томирис», «Жау жүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмдері мен Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ», Адай Әбілдиновтің «Күлтегін» анимациялық фильмі ұсынылады.