Қыркүйекте шәкіртақы көбейеді

Қыркүйекте шәкіртақы көбейеді
Сурет: Хабар 24

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап бакалавриат 31 мың теңге, магистранттар 76 мың теңге алады.

Бұл туралы айтқан Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағанбетов стипендия мөлшері қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство басшысы күзден бастап студенттер мен магистранттар, докторанттардың шәкіртақысы өсетіндігін айтқан.

«Осы жылдың қыркүйегінен бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 31 мың теңгеден сәл асады, магистранттарда 15 процентке өседі, шамамен 76 мың теңге. Докторантура бойынша да осындай өзгерістер бар. Жалпы, соңғы бір жарым жыл ішінде докторанттардың стипендиясы 82 процентке өсті. Бірақ соған қарамастан олар қыркүйектен бастап қазіргідей 150 мың теңге емес, 172 мың теңге алады деп жоспарлануда», - деді Асхат Қанатұлы.

Айтуынша, 2025 жылға қарай стипендия мөлшері артып, гранттар саны 75 мың орынға жететін көрінеді.