Қаңтарда «Спутник лайт» вакцинасының 150 мың дозасы  жеткізіледі

Қаңтарда «Спутник лайт» вакцинасының 150 мың дозасы  жеткізіледі
news.myseldon.com

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ревакцинация үшін «Спутник лайт» вакцинасын жеткізуге қатысты келіссөз жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Жеткізушілермен күнделікті келіссөз жүргізіліп жатыр. «Спутник лайт» бойынша алдын ала келіссөз жасалды. Әзірше, 2022 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 1 млн доза жеткізіледі», - деді комитет төрағасы Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, алдын ала уағдаластыққа сәйкес, желтоқсан айының соңында немесе қаңтар айының басында «Спутник лайт» вакцинасының 150 мың дозасы Қазақстанға жеткізілмек. Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев жаппай ревакцинация жүргізуді тездету қажеттігін айтқан болатын.