Қазақтың опера әншісі әлемдік жобаға қатысты

Қазақтың опера әншісі әлемдік жобаға қатысты
Сурет: Еgemen.kz

Опера әншісі әлемдік жобада өнер көрсетті

Қазақстандық опера әншісі әлем жұлдыздарымен бірлескен жобаға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанның вокалдық классикалық өнері тарихындағы бірегей оқиға. Республиканың Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының опера труппасының директоры Азамат Жылтыркөзов әлемдік деңгейдегі жобаға қатысып, Винченцо Беллинидің «Пуритандар» шығармасының аудиожазбасын әзірлеуге үлес қосты.

Атақты туындыны қазақстандық өнерпазбен бірге тенор Лоуренс Браунли және сопрано Сара Кобурн сынды бельканто жұлдыздары орындады. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, іріктелген құрамнан ең мықты ұжым қалыптасты.

CD-диск жазу идеясы – Нью-Йорк операсының музыкалық директоры Константин Орбелянның бастамасы.

«Винченцо Беллинидің «Пуритандар» аудиожазбасында Рикардо партиясын орындадым. Менімен бірге америкалық және еуропалық әншілер де қатысты», - деді «Астана Опера» опера труппасының директоры Азамат Жылтыркөзов.