Қазақтың белгілі ақыны, жазушы Рафаэль Ниязбек дүние салды

Қазақтың белгілі ақыны, жазушы Рафаэль Ниязбек дүние салды
Сурет: Lenta.inform.kz

Біртуар азамат өмірден өтті

Қазақтың белгілі ақыны, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбек дүние салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы телеарнасының хабарлауынша, ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады.

Рафаэль Ниязбек 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тамамдаған. 

1967 жылы Қазақ радиосының әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 

1971-1977 жылдары «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 жылдары «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. 

1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан. Қазақстан Жазушылар Одағының I. Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері. Шешенстан Республикасы Жоғарғы мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері. Шешенстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Б. Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.