Қазақстанға өткен тәулікте шетелден 5 715 авиажолаушы келген

Қазақстанға өткен тәулікте шетелден 5 715 авиажолаушы келген
Cурет Azattyq-ruhy.kz

Қазақстан аумағына 39 халықаралық әуе рейсі келді.

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 3 қыркүйекте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
2021 жылдың 03 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Қытай, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 39 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 5 715 авиажолаушы келді. 
Оның ішінде:  Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 637 жолаушы;  Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 575 жолаушы;  Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 277 жолаушы;  Ақтау қаласының әуежайына – 6 рейс, 487 жолаушы,  Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 240 жолаушы.  Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 332 жолаушы.  Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 167 жолаушы. 
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.