Қазақстанның тағы бір өңірі «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстанның тағы бір өңірі  «қызыл» аймаққа кірді
Сурет: Іnbusiness.kz


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қызылорда облысы «сары» аймақта болған еді.

15 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жарияланған матрица бойынша, еліміздің қазіргі уақыттағы  эпидахуалы мынадай:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.