Қазақстанның оңтүстігінде қатты ыстық болады

Қазақстанның оңтүстігінде қатты ыстық болады
Сурет: Cks-ago.ru

Солтүстік аймақтарда жаңбыр жауады.

Синоптиктер шілденің 24-26 аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ауа температурасының күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 градусқа дейін ыстық, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін ыстық болуы болжануда, солтүстікте термометр бағанының 32-40 градустан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.