Қазақстанның Мәскеудегі өкілдігі азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатады

Қазақстанның Мәскеудегі өкілдігі азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатады
Сурет: Оvisah.ru

Уақытша шектеу 1 қарашадан 14 қарашаға дейін созылады.

Елшіліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сай, консулдық бөлім азаматтарды жеке қабылдауды уақытша тоқтата тұрады.

«Мәскеу қаласындағы жағдайдың нашарлауына байланысты COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы және барлық келушілердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 мен 14 қараша аралығындағы кезеңде Мәскеудегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі барлық консулдық және мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарды жеке қабылдауды уақытша тоқтата тұрады», - делінген елшілік таратқан хабарламада.

Келушілерді қабылдауды қайта бастау күні туралы РФ-дағы ҚР Елшілігінің интернет-ресурстары арқылы қосымша хабарланатын болады.