Қазақстанның көптеген аймағында ыстық болады

Қазақстанның көптеген аймағында ыстық болады
Сурет: Tobillog.blogspot.com

Кей жерлерде жел күшейеді.

2 шілде күні Қазақстанның көптеген өңірлерінде ыстық болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет»РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде + 20+22, күндіз + 34+36. 

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның батыс бөлігіне циклон шұңқыры және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, өзімен бірге найзағай мен бұршақпен жаңбыр жауады. Кей жерлерде республика бойынша күтіледі, жел күшейеді», - делінген хабарламада.