Қазақстанның кей аймақтарында үсік жүреді

Қазақстанның кей аймақтарында үсік жүреді
Сурет:Biletik.aero

Кейбір өңірлерде ыстық ауа райы сақталады.

Ауа райын болжаушы мамандар алдағы күндері ауа температурасы айтарлықтай төмендейтінін айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың болжамы бойынша, Скандинавия аудандарынан суық антициклонның келуі республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.  

«Түнде 2-7 градусқа дейін жылы болады, кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градус жылы болады, ал оңтүстік жартысында биік жотаның және Түркіменстаннан келетін жылы ауа массаларының әсерінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.