Қазақстанның кей аймақтарында қатты жаңбыр жауады

Қазақстанның кей аймақтарында қатты жаңбыр жауады
Cурет: Rostravel.ru

Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады

Синоптик мамандар алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz

Мамандардың айтуынша, Каспий теңізінің аудандарындағы циклон әлі де бүкіл республиканың ауа райына әсерін сақтайды. Осыған байланысты солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел жүреді.

«Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м / с, екпіні секундына 23-28 метр. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда найзағай күтіледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.