Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды
Сурет:News.myseldon.com

Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл байқалады.

Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Алматыда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай болады. Ауа температурасы +27+29 дейін көтеріледі.

«Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай ойнаған кезде желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с болады. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 15 шілдеде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай ойнаған кезде желдің екпіні 15-20 м/с болады», – делінген синоптиктердің болжауында.