Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр

Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Сурет: Facebook.com

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы.

Қазақстан Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске салсақ, Түркістан облысы осыған дейін бірнеше күн қатарынан «сары» аймақта болып келген еді.