Қазақстанның астанасында шығыс шайырына арналған ескерткіш ашылды

Қазақстанның астанасында шығыс шайырына арналған ескерткіш ашылды
Сурет: Аikyn.kz

Әбу-Л-Хасан Рудаки — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің төрағасы Рустами Эмомали ақын, тәжік және парсы классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Әбу Абдаллах Рудакидің ескерткішін ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Айқын» басылымының жазуынша, ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев бұл шара Қазақстан астанасының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып табылатынын және Қазақстан-Тәжік ынтымақтастығының даму тарихына енетінін атап өтті.

«Қазақстанда ұлы ақын Әбу Абдаллах Рудакидің шығармашылық мұрасын жоғары бағалайды. Оның поэзиясы әлемдік мәдениеттің қазынасына енді. Омар Хайям, Низами, Фирдоуси, Джәми және Руми сияқты Шығыстың көрнекті ақындары мен жазушылары Рудакидің шығармашылығынан өсіп шықты. Бүгін біз оның аты берілген көшеде тәжік және парсы классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абу Абдаллах Рудакиге ескерткіш ашамыз. Душанбеде қазақтың ұлы ойшылы Абай атындағы көше бар екенін білеміз. Екіжақты қарым-қатынастарда мәдени-рухани байланыстар әрдайым берік көпір және іргетас болып қала береді. Көрнекті тұлғаларымыздың естеліктерін құрметтеу бізді қуантады», – деді Сенат Төрағасы.

Рудакидың өлеңдері Қалижан Бекхожин, Ғали Орманов, Тайыр Жароков, Қажым Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ оқырманына танылған.