Қазақстанда 30 мыңнан астам бала КВИ-мен ауырған

Қазақстанда 30 мыңнан астам бала КВИ-мен ауырған
Сурет: Aikyn.kz

Балалардың 86,5%-да аталған індет симптомсыз өткен.


Жыл басынан бері Қазақстанда 30 мыңнан астам бала COVID-19 індетіне шалдықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ өкілінің сөзіне сілтеме жасап.


«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінге дейін балалар арасында 31 мың 188 жағдай тіркелді. Олардың 88%-ы бүгінде жазылып шықты, орташа есеппен ауыртпалық 14,3%-ды құрады. Балалардың 86,5%-да аталған індет симптомсыз болды. Бұған дейін айтып өткенімдей, балалар арасында коронавирустың таралу қарқыны өсіп отыр. Егер биылғы қаңтар мен шілде айын салыстырар болсақ, шілде айында балалар арасында вирусқа шалдығу 2 есеге өсті», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 


Одан бөлек, комитет басшысы ұжымдық иммунитет қалыптаспай аталған індеттің тарала беретінін ескертті.