Қазақстанның 10 облысы «қызыл» аймақта тұр

Қазақстанның  10 облысы «қызыл» аймақта тұр
Сурет: 24.kz

Бұған қоса еліміздің 3 қаласының да эпидахуалы нашар.


16 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Бүгінгі мәлімет бойынша, эпидахуал төмендегідей: 

 «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

«Сары» аймақта Алматы және Жамбыл облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.