Қазақстаннан бір айда сыртқа 90 млрд теңге аударылған

Қазақстаннан бір айда сыртқа 90 млрд теңге аударылған
Cурет: Ашық дереккөз

Қаражаттың басым бөлігі Өзбекстанға кеткен

Елімізден бір айда 92,6 млрд теңге аударылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, елімізде өткен айда 226,7 мың транзакция жасалған. Қазақстаннан сыртқа аударылған қаражаттың жалпы мөлшері 92,6 млрд теңге, бұл 2020 жылдың қазан айымен салыстырғанда +11,4%-ға жоғары.

Елімізден аударылған қаражаттың басым бөлігі Өзбекстанға кеткен - 30,5 млрд теңге (+98%), Түркияға - 20,8 млрд теңге (+28,4%). Одан кейін Ресей тұр, бұл елге 13 млрд теңге жіберілген, Қырғызстанға – 11 млрд, Грузияға – 3,8 млрд теңге аударылған.

Сондай-ақ, көрші Қытай еліне 3,6 млрд теңге, Арменияға – 2,9 млрд, Тажікстанға – 2,1 млрд теңге кеткен. Ең аз мөлшердегі қаражат Украинаға аударылыпты - 779,2 млн теңге.

Дегенмен қазан айында шетелден елімізге аударылатын қаражаттың мөлшері азайған. Бар болғаны 81,2 мың транзакция жасалып, 23,2 млрд теңге жіберілген (-13,7%).

Қазақстанға аударылған қаражаттың негізгі бөлігі Өзбекстаннан келген – 5 млрд теңге (-6%), Ресейден – 3,2 млрд (-45,7%), АҚШ – 2,9 млрд (+15,6%), Қырғызстаннан – 2,9 млрд теңге (+8%). Ең аз мөлшердегі қаражат Украинадан – 291 млн теңге, БАӘ – 278,3 млн теңге аударылған.  

Ал, Қазақстан ішінде 63,4 мың транзакция жасалып, 6,7 млрд теңге аударылған.