Қазақстандықтарға үйден шықпай отырғаннан басқа амал жоқ

Қазақстандықтарға үйден шықпай отырғаннан басқа амал жоқ
Сурет: Bonn.fm

Дүние жүзінің коронавируспен қалай арпалысып жатқанын, өлім-жітімнің көбейгенін оқып отырғанда, еріксіз осындай ойға келесің.

Көпшілік жиналған жерге бармау, қазақы өмір салтының ажырамас атрибуты - тойдан бас тарту – дәл қазіргі күні аман қалуымыздың алғышарты болып тұрғандай, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әлемнің жағдайы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бас директорының аға кеңесшісі Брюс Эйлвордтың айтуынша, әлемнің 40-қа жуық мемлекеті дәрі-дәрмектің, әсіресе, AstraZeneca вакцинасының жетіспеушілігінен COVID-19-дың алғашқы екпесін алған тұрғындарын вакциналауды аяқтай алмай отыр.

Сахара мен Африка елдері, Латын Америкасы және Таяу Шығыстағы елдер, Үндістанда дәрілік заттар тапшы болып отыр, - деді Б.Эйлворд. ДДСҰ иммундау, вакцина және биология департаментінің директоры Кэтрин О'Брайен атап өткендей, бұл елдердің көпшілігі вакцина қорларын түгелге жуық тауысып үлгерген.

Беларуссия, Ауғанстан, Тайланд, Бразилия, сондай-ақ Үндістанмен көршілес Непал мен Шри-Ланка да осындай мәселеге тап болды.

COVAX-қа тәуелділер

Кения мен Ганадан Бангладеш пен Индонезияға дейінгі  COVAX бағдарламасына тәуелді, табысы төмен елдерде иммунизаторлар экспорты кенеттен тоқтағандықтан, COVID-19 вакцинация кампанияларын тоқтатып, екінші дозаларын кейінге қалдырудан басқа амал жоқ. 

Әлемдегі ең аз вакциналанған континент - Африка. Оның 54 елінің көпшілігі COVAX бағдарламасына тәуелді. Африка халқы әлем халқының 14 пайызын құраса да, Африка елдері бүкіл әлемде қолданылатын дозалардың тек бір пайызын ғана алған. 

Қазіргі уақытта аурудың өсуі Африканың 16 елінде байқалады, ал оның 10-ында жұқпалы түрі «дельта» табылды.

«Ковид-19 вакциналарының жетіспеушілігі Африка елдерінің өз тұрғындарына вакцина егуге кедергі келтіреді», - деді Ботсвана (Оңтүстік Африка) президенті Мокгвиси Масиси.

Ол «дельта» коронавирусының тез өсуіне және вакциналардың жетіспеуіне байланысты елдің жағдайын өте қиын дейді.

Сондай-ақ, Намибия да екі апта бұрын дәрі-дәрмек қорлары таусылғаннан кейін ковид-19 вакцинасының алғашқы дозаларын салуды уақытша тоқтатты.

«Африкадағы аурудың күрт өсуі ерекше алаңдаушылық туғызады, себебі бұл аймақ үшін вакцина, диагностика және оттегінің жеткізілуі тапшы», - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Гребейесус.

Иранда

Иранда дозаның жетіспеушілігі қатты байқалады, сондықтан бірінші вакцинаны еккендердің бәрі бірдей екінші компонентті алу мүмкіндігі бола бермейді. Тіпті ирандықтардың «вакциналарды араластыруға» дейін барғаны белгілі болды: бірінші дозасында импорттық өнім салдырғандарға екінші кезеңде ирандық «КовИран баракат» салынуы мүмкін.

Италияда

Еуропадағы вакцинаның жетіспеушілігінің кесірінен  Италияның қалаларының бірінде тұрғындарға коронавирусқа қарсы жаңа, әлі тіркелмеген эксперименталды дәрімен екпе салдыру ұсынылған. Адамдар вакцинаның дозасын алу үшін фельдшерлерге тұра ұмтылған.

АҚШ пен Ұлыбританияда

Ал вакцина салу ретімен жүріп жатқан елдерде қазірдің өзінде оң нәтиже байқалады. Нью-Йорк билігі қосымша фельдшерлік пункттер орналастырған маусым айынан бастап COVID-19 -дан қайтыс болу тоқтады. Ұлыбританияда дәл осындай рекорд орнатылды - өткен жылдың 7 наурызынан бастап өлім көрсеткіші нөлге тең.

Бразилияда

2021 жылдың маусымындағы жағдай бойынша Бразилия ковид-19-дан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Наурыздан бастап елде күн сайын 1,5 мыңнан астам адам қайтыс болып жатыр. Бразилияның Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық қадағалау агенттігінің (Anvisa) бұрынғы басшысы Гончало Весинаның сөзінше, вакцинацияның баяу жүруі жағдайды нашарлатуы мүмкін.

«Бізде қазірдің өзінде 500 мың өлім тіркелген, өкінішке қарай, бұл сан өсіп жатыр, өйткені вакцинация процесін ұлғайтуға уақыт керек. Жағдайымыз биыл да қиын болуы мүмкін, өйткені біз кеш сатып алынған вакциналардың жеткізілуіне тәуелдіміз », - деді ол.

Бразилияда Болсонаро үкіметіне қарсы жаппай наразылықтар болды. Шеруге қатысушылар, негізінен, халықты вакцинациялау бағдарламасын жеделдетуді талап етті.

Үндістанда

Үндістанда коронавирустың салдарынан қаза тапқандар саны 400 мыңнан асты. Өлім саны бойынша бұл ел әлемде АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында.

Үндістанға коронавирустың келесі, үшінші толқыны қауіп төндіруі мүмкін, өйткені елдегі халықтың екпе салдырғандары 5% -дан да аз. Кейбір мәліметтер бойынша, пандемияның келесі күшеюі тамыз айының басында болады.

Ел астанасы Делиде 8 миллионнан астам адам екпенің алғашқы дозасын да алмаған. Соған қарамастан, бұл әлемдегі ең ірі вакцина өндіруші ел.

Коронавирустың екінші толқыны кезінде Үндістан күн сайын дерлік жұқтырғандар саны бойынша  алда болды (тәулігіне 400 мың жаңа науқас). Вирус жұқтырғандармен тікелей жұмыс істеген мыңға жуық дәрігер екінші толқыннан аман қалған жоқ.

Гурприт Куруниян, дәрігер-эпидемиолог: «Ең қиыны - күрестің бір жылы өтіп кетсе де, біз ешқандай сабақ алған жоқпыз. Екі апта бұрын билік шектеуді азайтып еді,  сол секундта-ақ адамдар маска туралы, әлеуметтік қашықтық туралы ұмытып кетті. Нәтижесінде ауруханалар науқасқа толды. Бұл екінші толқын кезінде таралған "дельта" штамы бірінші толқын кезінде тараған мутацияға қарағанда әлдеқайда жұқпалы».

Үндістандағы үшінші толқынға дайындық кезінде вакцинация мен халықтың сақтығы басты назарда.

Биліктің бұйрығымен полиция дүйсенбіден бастап қызметтің күшейтілген түріне көшті - шалғай аудандар мен жағажайлар ерекше бақылауға алынады.