Қазақстандықтардың 40% -дан астамы онлайн халық санағына қатысты

Қазақстандықтардың 40% -дан астамы онлайн халық санағына қатысты
Сурет: Іnbusiness.kz

Оның ішінде 626 мыңнан астам алматылық онлайн халық санағынан өтті.

Ұлттық санақтың аяқталуына бес күн қалды. Бүгінгі таңда 626 мыңнан астам алматылық онлайн халық санағынан өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Санақтың виртуалды парағын sanaq.gov.kz сайтында, egov.kz порталы мен «Айту» мобильді қосымшасы арқылы толтыруға болады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі. Бұл мүмкіндік 30 қазанға дейін ұзартылды.

Бүгін қазақстандықтардың 40 пайыздан астамы онлайн сауалнама толтырды. Сонымен қатар, санақ жүргізетін интервьюерлер үй-үйді аралауды жалғастыруда. Оның нәтижесі кейінірек белгілі болады.

Ұлттық статистика бюросының қалалық департаменті алматылықтар мен қала қонақтарын үй аралап, санақ жүргізетін интервьюер-санақ жүргізушілердің жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады.