Қазақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалады

Қазақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалады
Сурет: интернеттен

Желтоқсанда Қазақстанда екі мемлекеттік мереке аталып өтіледі. Оның бірі – ҚР Тұңғыш Президенті күні, ал екіншісі – Қазақстанның Тәуелсіздік күні.

Бұл екі мерекеде де қазақстандықтар демалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биылғы желтоқсан айында қазақстандықтар11 күн демалады. Биыл ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан сәрсенбіге түсіп отыр.

Ал Тәуелсіздік мерекесіне орай 16 және 17 желтоқсан күндері ресми демалыс күні болып бекітілген. Осы жолы бұл даталар бейсенбі мен жұма күндеріне түседі. Демек, қазақстандықтар үшін 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері - демалыс.

Мұнан бөлек, мемлекеттік мерекелерді қоспағанда 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтарды 8 демалыс күні күтіп тұр. Яғни, алдағы айда ел азаматтары 20 күн ғана жұмыс істейді. 31 желтоқсан күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс күні саналады.