Қазақстандықтар Токио Паралимпиадасындағы сайыстарын аяқтады

Қазақстандықтар Токио Паралимпиадасындағы сайыстарын аяқтады
Cурет: Sports.kz

Токио Паралимпиадасы 5 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Қазақстандық спортшылар 2020 жылғы Токио Паралимпиадасында ойын көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ел құрамасынан Нышан Өмірәлі дүбірлі додада ойын көрсеткен соңғы спортшы. Ол 75 келіде сынға түсті. Қола жүлде үшін сайыста қазақстандық спортшы мексикалық Франиско Педросқа 15:18 көрсеткішпен есе жіберді. Осылайша ол қола жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. Нышан алғашқы жекпе-жегінде коста-рикалық Андрес Эстебан Молинадан 6:12 есебімен жеңілді. Одан кейін жұбаныш жекпе-жегінің ширек финалында марокколық Рашид Алауиді 24:8 есебімен жеңіп, қола жүлдеге таласуға қол жеткізген болатын. Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте 51-орында тұр. Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды. Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанды. Ал, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алса, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды. Токио Паралимпиадасы 5 қыркүйекте мәресіне жетеді.