Қазақстандықтар Ресейге бару үшін электрондық қосымшаны пайдалануы тиіс

Қазақстандықтар Ресейге бару үшін электрондық қосымшаны пайдалануы тиіс
Сурет: Gov.kz

Ресейге жол ашатын қосымшаның аты «Путешествую без COVID-19».

Шілденің 25-нен бастап Ресейге барғысы келетін Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан азаматтары көрші елге келген кезде «Путешествую без COVID-19» қосымшасын пайдалануы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Осы платформаның көмегімен коронавирусқа талдау жасау үшін ең жақын зертханаларды табуға болады. Тест елге кіргенге дейін кемінде 72 сағат бұрын тапсырылуы тиіс. Нәтижесі QR код түрінде жіберіліп, оны шекарада көрсету керек», – делінген Қазақстанның Ресейдегі елшілік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, нәтижелер өзара ықпалдастырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бұл Қазақстан азаматтарына Ресей аумағына Армения, Беларусь және Қырғызстанның әуе өткізу тіректері арқылы (транзитпен) кіруге мүмкіндік береді.