Қазақстандық өндірушілер Қытай нарығын бағындыруда

Қазақстандық өндірушілер Қытай нарығын бағындыруда
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстанның 30 ірі өндірушісі Шанхайдағы жыл сайынғы импорттық тауарлар көрмесіне қатысуда

Олар 100 млн доллардан астам азық-түлік пен ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге келісім жасайды деп күтілуде. Алайда көптеген компаниялар шараға онлайн форматта қатысуда. Бұл пандемияға байланысты ереже. ЭКСПО көрмесінде олардың өнімдері ғана бар, ал келіссөздерді арнайы өкілдер жүргізетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Қытай өз нарығына қызғанышпен қарайды. Әрдайым Қытайға жіберілетін өнімдерді өте мұқият тексереді. Бірақ біздің өнімдер Қытай тарапы аса көңіл бөлетін барлық сынақтан, қажетті сертификаттаудан өтті», - Евгений Король, қазақстандық компанияның сату жөніндегі директоры

Аталмыш қазақстандық зауыт өз өнімінің 70% экспортқа жөнелтеді. Тауарлар Орталық Азияның барлық елдеріне, Ресейге, тіпті Ауғанстанға да жеткізіледі. Кәсіпорын жылына 40 мың тоннаға дейін дайын өнім шығарады. Енді компания аспанасты елінің нарығына шығуға ниетті.

«Біздің өнімнің ассортименті кең, сондықтан Қытай тұтынушылары көңілінен шығатынын таба алады. Сіздер жақсы білесіздер, қытайлықтардың тағамның дәмі өте ащы. Сондықтан қазір олардың еуропалық тағамдарға сұранысы артуда. Біз оны ұсына аламыз», - қазақстандық компанияның өкілі Мирас Қилыбаев

Көрме өткізілген соңғы 4 жылда Қазақстан мен Қытай арасында жасалған шарттардың сомасы жарты млрд доллардан асатынын айта кеткен жөн. Азық-түлік өнімдерінен басқа біздің ел цифрлық шешімдерді ұсынуға ниетті. Көрме 10 қарашада аяқталады.