Қазақстандық волейболшылардың аяқ алысы жақсы

Қазақстандық волейболшылардың аяқ алысы жақсы
Сурет: Рrosports.kz

Отандық волейболшылар сәтті өнер көрсетуде.

Өзбекстанның Ферғана қаласында волейболдан Орталық Азия чемпионаты өтуде. Аталған сынға Қазақстанның ерлер және әйелдер командасы қатысып жатыр, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz. Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің ерлер және әйелдер командасы алғашқы екі ойында жеңіске жетті.

Қазақстанның ерлер құрамасы Қырғызстанды 3:2, Өзбекстанды 3:1 есебімен ұтты.

Әйелдер құрамасы  Қырғызстанды 3:0 есебімен ұтса, кейін Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңді.

Алдағы финалдық кездесу 22 тамызға жоспарланған.