Қазақстандық волейболшы қыздар клубы - Азия чемпионы

Қазақстандық волейболшы қыздар клубы - Азия чемпионы
Сурет: Inform.kz

"Алтай" клубы - Азия чемпионы

Тайландтың Накхонратчасима қаласында әйелдер арасындағы волейболдан клубтық Азия чемпионатында қазақстандық "Алтай" клубы чемпион болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілеме жасап.

Тайландта 1 қазан күні әйелдер волейбол клубтары арасында Азия чемпионаты басталған еді. Бұл турнирге Қазақстан атынан шығысқазақстандық «Алтай» және талдықорғандық «Жетісу» клубтары қатысты.

Одан бөлек, біріншілікке бес команда қатысты. Олардың ішінде филлипиндік «ПВЛ» мен «Ребиско», ирандық «Сайпа», тайлық «Суприм Чонбури» мен турнир иелері «Нахон Ратчасима Qmin C» клубтары болды.

Бірінші ойын күні Қазақстанның қазіргі чемпионы «Алтай» волейбол клубы филлипиндік «Ребиско» командасымен ойнады. Ойын үш сетке созылды, нәтижесінде 3:0 ұпаймен шығысқазақстандық команда алға шықты. Екінші күні «Алтай» ойыншылары дәл сондай нәтижемен ирандық «Сайп» командасын ойсырата жеңді.

Финалдық кезеңде қазақстандық Алтай волейбол клубы ақтық сында жарыс қожайындары Накхонратчасима волейбол клубын 3-0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.