Қазақстандық велошабандоз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық велошабандоз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Сурет: Sports.kz

Спорт жетістіктері

Қазақстандық велоспортшы Кирилл Курдиди жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында 3-орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Кирилл Курдиди 1000 метрлік гитте үшінші орын алып, қола жүлдегер атанды. Бірінші және екінші орындар Ресей мен Германия спортшыларына бұйырды. 

«Кирилл керемет нәтижемен құттықтаймыз!» - деп жазды қазақстандық велоспорт федерациясының Instagram-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, велоспорт бойынша жасөспірімдер арасындағы чемпионат Каирде 1-5 қыркүйек аралығында өтті. Бұған дейін әлемдік біріншілікте қола жүлдені қазақстандық велошабандоз Юлия Голубкова алған болатын.