Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Түркияда халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Түркияда халықаралық турнирде топ жарды
Сурет: Olympic.kz

Қазақстан таэквандошылары екі жүлдені жеңіп алды

Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан рейтингтік "WT President's Cup Europe" жарысы өтті. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны қос жүлдемен толықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Әйелдер арасында 73 келіде сынға түскен Жансель Дениз өз салмақ дәрежесінде жарыс жеңімпазы атанды. Ал ерлер арасында бақ сынаған Самирхан Әубакіров 54 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қоржынға салды. 

Айта кетерлігі, аталған турнир - Жансель Дениздің Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы додасы.