Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев ширек финалға шықты

Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев ширек финалға шықты
Сурет: Gov.kz

Токио Олимпиадасында академиялық есуден іріктеу бәсекесі басталды.

30 шілде күні Владислав Яковлев ширек финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.

«Бүгін Токио Олимпиадасында академиялық есуден іріктеу бәсекесі басталды. Жарыс жолына алғашқы болып шыққан қазақстандық Владислав Яковлев жекелей сындағы іріктеудің бірінші айналымында үшінші орынға тұрақтады. Уақыт көрсеткіші - 7:10.08. Енді Владислав 30 шілдеде ширек финалда өнер көрсетеді», - делінген Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.