Қазақстандық парадзюдошы финалда

Қазақстандық парадзюдошы финалда
Сурет: Rezeptsport.ru

Паралимпиадада Қазақстан спортшыларының аяқ алысы жаман емес

Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жартылай финалда колумбиялық Маркос Деннис Бланконы жеңді.  

Ақтық сында Әнуар Сариев әзірбайжандық Вугар Ширинлимен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше паралимпиадашылар ел қоржынына 1 алтын медаль әкелді. Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.