Қазақстандық Naruvax-C19 вакцинасы клиникалық зерттеулерге дайын

Қазақстандық Naruvax-C19 вакцинасы клиникалық зерттеулерге дайын
Cурет: Egemen.kz

Қазақстандық Naruvax-C19 вакцинасын адамдарға тестілеуге дайын

Халықаралық вакцинация орталығының директоры Қайсар Табынов «Қазправда» басылымына берген сұхбатында отандық Naruvax-C19 вакцинасы соңғы кезеңге жеткенін және адам ағзасындағы клиникалық зерттеулерге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Зерттеушілер макакаларға тәжірибе жасауды аяқтады, оған дейін тышқандар мен хомяктарға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде вакцина жануарларды инфекциядан қорғап қана қоймай, вирусты 100% бейтараптандырған. 

Табыновтың айтуынша, маймылдарға жасалған жұмыстар туралы соңғы иммуногенділік деректерді алғаннан кейін, адамдарда тестілеу жұмысын бастауға болады.

Адам ағзасындағы Naruvax-C19 клиникалық сынақтары мұқият дайындықты қажет етеді.

Бірінші сынақ вакцинаны әзірлеуші топқа жасалады. 

«Бүгінде коронавирусқа қарсы вакциналардың ешбірі инфекциядан толықтай қорғай алмаса да, аурудың ауыр өтуінің және ауруханаға түсудің алдын алады. Naruvax-C19 туралы айтатын болсақ, бұл препарат әлі клиникалық сынақтардан өтпеген, сондықтан қорытынды жасауға ертерек», - деді ол.

Қазіргі уақытта вакцина туралы ғылыми мақала препинті Researsh Square халықаралық платформасында орналасқан. Сонымен бірге Nature журналына ұсынылған.

«Біз мақала оң бағасын алып, жақын арада жарияланады деп үміттенеміз», - деді респондент.