Қазақстандық мобилографтардың алғаш рет республикалық фестивалі өтті

Қазақстандық мобилографтардың  алғаш рет республикалық фестивалі өтті
Сурет: Egemen.kz

Соңғы үш жылда елімізде мобилография саласы қарқын алып келеді

Шымкент қаласында алғаш рет Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Креативті индустрия» бағыты аясында мобилографтардың «Shymkent Mobilography Fest» республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Шараға қатысуға 900-ге жуық адам өтінім білдірген. Қатысушылардың басым бөлігі Шымкент және Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалаларынан болды. Олар сайыстың алғашқы күнінде алдын ала берілген «Welcome to Shymkent» тақырыбында қала туралы имидждік және креативті жарнамалық бейнероликтер түсірді. Дайын бейнероликтерді елімізде мобилография саласын дамытқан Қыран Талапбек бастаған комиссия мүшелері бағалап, жеңімпаздар тізімін жариялады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.


Шара аясында өткен пленарлық кездесуге қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Өркен Кенжебек, Сырымбек Тау, Ақбота Ануарбек және Әділет Рахметолла сынды бірнеше мадиа саласы мен түрлі бағытта өз бастамаларын дамытып жүрген әлеуметтік желі белсенділері қатысып, креативті индустрия мен мобилографияның туризм саласындағы рөліне тоқталды.

Екі күнге созылған іс-шарада еліміздің үшінші мегаполисі туралы сапалы бейнероликтер әзірленді. Роликтер алдағы уақытта жарнаманы жандандырып, туристерді тарту мақсатында жарияланып отырмақ. Жалпы елімізде соңғы 3 жылда мобилография саласы дамып келеді. Оған қызығушы әрі кәсіп еткендер саны елу мыңға жуықтаған.