Қазақстандық көркем гимнастшылар «6th Aphrodite Cup» халықаралық турнирінің финалында өнер көрсетті

Қазақстандық көркем гимнастшылар  «6th Aphrodite Cup» халықаралық турнирінің финалында өнер көрсетті
Сурет: Olympic.kz

Отандық көркем гимнастика шеберлері халықаралық додада бақ сынады

Көркем гимнастикадан қазақстандық спортшылар «6th Aphrodite Cup» додасының финалына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Грекияның Афины қаласында көркем гимнастикадан ересектер арасында «6th Aphrodite Cup»  халықаралық турнирі өтті. Қазақстандық спортшылар Сабина Бакатова, Эльжана Таниева және Дильназ Байленова финалдық бәсекелерде бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша, Сабина Бакатова доппен жаттығуда 4 орын, Дильназ Байленова 7 орынға ие болды. Ұршық бойынша Эльжана 4 орын, Сабина 8 орыннан көрінді. 

Таспада өнер көрстекен Эльжана 5-ші, Сабина 8-ші, ал шығыршықта Таниева 4-ші орындарға жайғасты.