Отандық гимнаст Түркиядағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Отандық гимнаст Түркиядағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Cурет: Ұлттық олимпиада комитеті

Түркияда спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр. 

Әлемдік турнир аясында қазақстандық Милад Карими екі финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ол қолын тіреп секіруде 14.008 ұпай жинап, іріктеу сайысында төртінші орын алды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы белтемірде жаттығу жасаудан медаль үшін таласады. Ол 13.350 ұпаймен алтыншы орын алып, финалға өтті. Еске салайық, қазақстандық гимнаст Милад Карими Токиодағы Олимпиада орындарында алтыншы орын алған болатын.