Қазақстандық дипломаттар Ауғанстанға барды

Қазақстандық дипломаттар Ауғанстанға барды
Cурет: Egemen.kz

Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету мәселесі талқыланады

ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады.

Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті.