Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты
Сурет: Inform.kz

Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовтан басым түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды.

Айта кетейік, жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі.