Қазақстандық байланыс операторлары 8 айда 656 млрд теңге табыс тапты

Қазақстандық байланыс операторлары 8 айда 656 млрд теңге табыс тапты
Cурет: Ашық дереккөз

Елімізде 24,16 млн адам  ұялы байланысқа қосылған 

Ел тұрғындарының 16,2 миллионында интернет байланыс орнатылған. Сандар жыл басымен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген. Сол баяғы – 67 процент. Бірақ байланыс қызметінен түскен табыс артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап. 

Осы жылдың қаңтар-тамыз аралығында байланыс операторлары 656 млрд теңге пайдаға кенелген. Ұлттық статистика бюросы келтірген деректерге сүйенсек, оның дені мобильді байланыс (25,47% – 258,7 млрд теңге) пен интернеттен (39,43% – 166,4 млрд теңге ) түскен қаржы. 

Салыстырмалы түрде айтқанда, өткен жылдың дәл осы кезеңінен 19,2 және 8,7 пайызға көп. Жалпы, мобильді операторлартың табысы жыл өткен сайын еселеніп келеді.