Қазақстандық бал өндірушілер Сауд Арабиясы нарығын игере бастайды

Қазақстандық бал өндірушілер Сауд Арабиясы нарығын игере бастайды
Сурет: Foodandmood.com.ua

Үкімет өзгеде нарықтарды игеруді көздеп отыр.

Қазақстанда шығарылатын бал Сауд Арабиясының тұтынушыларына жететін болды. Биыл бал өндіретін және өз өнімдерін Сауд Арабиясы Корольдігіне экспорттауға дайын қазақстандық 10 кәсіпорын аталмыш елдің тиісті реестріне енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жыл басынан бері мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге құқығы бар 4 кәсіпорын, сүт өнімдерін сыртқа шығаруға әзір 3 кәсіпорын, балық және балық өнімдерін сақтайтын, қайта өңдеп, өткізетін 1 кәсіпорын Қытайдың Бас кеден басқармасының тізіміне енгізілді. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркия тарапымен жүргізген жемісті жұмыстарының нәтижесінде осы елдің тізіміне теріні экспорттауға құқығы бар 4 кәсіпорын енгізілді»,– делінген Ауыл шаруашылығ министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Министрліктің 2021 жылғы жоспарында осы нарықтарға шығаратын тауар түрлерін көбейтуді жалғастыру, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Түркияның және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарығын игеру көзделіп отыр.