Қазақстандық ауыр атлет 25 жасында өмірден өтті

Қазақстандық ауыр атлет 25 жасында өмірден өтті
Сурет: Inform.kz

Талантты спортшы өмірден озды

25 жастағы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дарынды спортшының осы кезге дейін жеткен жетістіктері аз емес.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарламасында «Бүгін түнде талантты спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер өмірден өтті. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, универсиада жеңімпазы және рекорд жасаған, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт табандылықтың, тәртіптің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында биік белестерді бағындырып, көпке үлгі болды», - деп жазылған.

Ауыр атлетика федерациясы ұжымы спортшының туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.