Қазақстандық Анна Данилина Францияда өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық Анна Данилина Францияда өткен турнирде жеңіске жетті
Cурет: Inform.kz

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Францияда өткен ITF W 25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстантеннис федерациясы мәлім еткеніндей, Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары, франциялықтар Одри Алби - Лиолея Жанжанмен кездесті. Бірінші партияда тай-брейкте корт иелері үстемдік танытты - 7:6 (9:7). Екінші сетте екі брейк жасаған қазақстандық-украиналық жұп басымдылық көрсетті - 6:2. Супер тай-брейкте Данилина мен Страхова жеңісті жұлып алды - 10:4. Осылайша қазақстандық теннисші жұптық сында биылғы жетінші титулына қол жеткізді. А.Данилина жекелей сында да жарысты жалғастыруда. Ол бүгін финалға шығу үшін франциялық Алиса Роббемен таласады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің жұптық сында Киев турнирінің финалына шыққанын.