Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал матрицасы

Қазақстандағы  эпидемиологиялық ахуал матрицасы
Сурет: Оrenpirogova.ru

Елімізде «сары» аймақта орналасқан өңірлердің саны артып келеді.

2021 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан.

 «Сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

 «Жасыл» аймақта жалғыз ғана Түркістан облысы тұр.