Қазақстандағы электрондық музыканттарға арналған І халықаралық онлайн-форум өтпек

Қазақстандағы электрондық музыканттарға арналған І халықаралық онлайн-форум өтпек

Онлайн форматта өткелі жатқан форумда тұңғыш рет музыка нарығының үздік спикерлері бас қоспақ.

ҚР Үкіметі мен Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің қолдауымен 2021 жылғы  28-29 шілдеде сағат 12:00-ден 19:00-ге дейін электрондық музыканттарға арналған бірінші  халықаралық онлайн-форум өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Форумның мақсаты: Қазақстандық электронды музыканттар мен саунд-продюсерлерді бір ортаға біріктіру. Осы салада әлемнің үздік спикерлерінен білім алуға мүмкіндік жасау.

Онлайн форматта өткелі жатқан форумда тұңғыш рет музыка нарығының үздік спикерлері бас қоспақ. Ресей, Украина, АҚШ және Еуропа елдерінің әйгілі диджейлері, саунд-продюсерлері, A&R менеджерлері, промоутерлер, радиостанциялар мен теледидар өкілдері, креативті индустриялар басқарма өкілдері, электрондық және заманауи музыка фестивальдерін ұйымдастырушылар UYA Forum онлайн-алаңына жиналмақ.

Біздің қауымдастық жас таланттарды қолдау үшін құрылған. Біз жаңа ұрпақтың музыка саласында қарқынды дамуы үшін жұмыс істейміз. Басты мақсатымыз – Қазақстаннан көбірек жаңа есімдердің және  хиттердің әлемдік сахналардан көрінуіне жағдай жасау.

«UYA Forum 2021» дарындылардың жолынан кедергілерді алып тастайды және музыка өнерін жаңадан бастаушыларға көмек береді. Музыканттар сапалы білім мен дағдыларды тегін алады. 

Онлайн-форум аясында қозғалатын  тақырыптар: 

Музыкалық жобаны дамыту негіздері

Музыканы Қазақстанда және одан тыс жерлерде қалай насихаттауға болады?

Шетелде музыка индустриясы қалай жұмыс істейді?

Халықаралық лейблдермен, паблишерлермен байланыс және коммуникация.

Музыканы монетизациялау: әртіс болғысы келген адам табыс табу үшін істі неден бастауы керек?

Иманбектің жетістістігінің тарихы және оның әлемге әйгілі әртістермен жұмыс тәжірибесі.

Алматыдағы музыкалық экожүйені дамыту және оны бүкіл Қазақстанға масштабтау.

Бірінші турды қалай ұйымдастыру керек және ең үлкен музыкалық фестивальдарға қалай  қатысуға болады?

Қазақстандағы креативті экономиканың дамуы.

Музыка жазу бойынша мастер-кластар және басқа да тақырыптар. 

Форумға қатысушылар мен спикерлер: диджей және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов  (Imanbek) , сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ және Еуропа елдерінен басқа да  спикерлер. (Толық спикерлер тізімі форумның әлеуметтік желілерінде бірнеше кезеңмен жарияланатын болады).